Біздің негізгі миссиямыз – жастардың азаматтық белсенділігін дамыту. Адам құқықтары сақталатын, ешкімді бөліп-жармастан барлық жанмен тең қарым-қатынас құру құндылығын насихаттайтын, сапалы білім алуға, жұмыс табуға, өз қабілетін толық жүзеге асыруға және өз саяси құқықтарын іске асыруға мүмкіндік берер ел құруды қалайтын, айналасындағы өмірді өзгертіп жүрген, белсенді азаматтық ұстанымы бар жанашыр жастар болса, Қазақстанда көптеген проблема шешімін табар еді.
Дәл осы мақсатта біз жастарға адам құқықтары туралы айтамыз, оларға жеке әлеуметтік жобаны, құқық қорғау науқанын қалай құруға болатынын үйретеміз, олардың саясат пен жауапты бизнес, медиатехнология саласында білімін нығайта отырып, гранттар мен шағын стипендиялар ұсынамыз. Мемлекеттік бюджеттің жастар саясатына жұмсайтын шығыстарын зерделеп, жастар туралы екі тілде үнемі жазып отырамыз, әрі пікір көшбасшыларымен сөйлесеміз.