«Азаматтық білім мектебі мен үшін керемет тәжірибе болды, өйткені ол менің жеке пікірімді өзгертуге мәжбүр етті. Әсіресе адам құқықтары туралы көп нәрсе білдім, мектеп адам құқықтары туралы түсінігімді кеңейтті десе қателеспеймін».
«Азаматтық білім беру мектебі — елдің болашағына жаны ашитын, елдің дамығанын қалайтын өзіммен бірдей көзқарастағы жастармен кездесуге, олармен достасуға, танысуға мүмкіндік берді. Еліміздегі өзіндік көзқарасын дәлелдей алатын мықты сарапшылармен бірге сұхбат жүргізіп, олардан ең керек мағлұматтарды алуға мүмкіндік сыйлады. Адам құқықтары туралы ең бастапқы білімдерді мектеп кезінде алған болатынмын, бірақ мектепте де, университетте де айтыла бермейтін кейбір мәліметтер, адам құқықтарының пайда болу тарихы, оның маңызы, оның күнделікті өмірде алатын орны, оның қолданыс аясы қандай деген сұрақтарға жауап таптым».
«Азаматтық білім мектебі маған құқық, саясат, феминизм туралы базалық білім берді. Менде базалық білім болды, бірақ мектеп осы мәселелер жайлы түкпірлетіп ойлауға мүмкіндік сыйлады. Сонымен қатар, Азаматтық білім мектебі керемет достар сыйлады деп айта аламын. Себебі осы азаматтық білім мектебінде мемлекетті өзгертуге құштар өзім сияқты керемет жастармен таныстым. Осы үшін мектепке ризамын».
Алматы қаласындағы азаматтық білім беру мектебінің қатысушысы
Алматы қаласындағы азаматтық білім беру мектебінің қатысушысы
Алматы қаласындағы азаматтық білім беру мектебінің қатысушысы
«Азаматтық білім беру мектебі маған біздің өз құқықтарымызды қорғауға құқығы бар адам екенімізді түсіндірді, адам құқығы әр адамның ажырамас меншігі болып табылады. Менің адам құқықтары туралы түсінігім Мектептің әсерімен қатты өзгерді. Адам құқықтарын қорғау керек екенін, саған қысым көрсете алатын мемлекеттік органдардан және де ықпал ете алатын саяси күштерден қорықпау керек екенін түсіндім. Керсінше, сіз басқаларды осыдан қорғауыңыз керек және, тіпті, қорғауға міндеттісіз, өйткені Қазақстанның болашағы жастарда».
Алматы қаласындағы азаматтық білім беру мектебінің қатысушысы